Харуки Муракамидің жаңа кітабы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Харуки Муракамидің жаңа кітабы шықты

Харуки Муракамидің жаңа кітабы шықты

Жапонияда Харуки Муракамидің «Әйелсіз еркектер» атты жаңа кітабы сатылымға шықты, деп хабарлайды Reuters.

  • 4 Мамыр 2014
  • 324
Фото - Caravan.kz

Жинақта «Менің көлігімді жүргіз», «Кеше», «Шахерезада» «Әйелсіз еркектер» сынды алты туынды қамтылған. Әр бөлім өз сүйіктілерінен белгілі бір себептермен айырылған ерлердің әңгімесі жайлы сыр шертеді. Жасы 65-ті алқымдаған Мураками жаңа заман жазушыларының ішіндегі атақтыларының бірі. Ол бірнеше рет Нобель сыйлығына үміткер болып үлгерген. Ал оның еңбектері әлемнің 40-тан астам тілдеріне аударылып танылды.

Жазушының « Түссіз Цукуру Тадзаки және оның жиһанкездік жылдары» атты алдыңғы кітабы 2013 жылғы ең сатылымды кітап болған еді.