Жоғалған Boeing ұшағына 7 тонна белгісіз жүк артылған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғалған Boeing ұшағына 7 тонна белгісіз жүк артылған

Жоғалған Boeing ұшағына 7 тонна белгісіз жүк артылған

Жоғалған малазиялық Boeing ұшағында 239 жолаушыдан басқа тағы 7 тонна жүгі болған. Олардың бір бөлігі құжатта көрсетілмеген, деп хабарлайды The Daily Mail.

  • 4 Мамыр 2014
  • 328
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік,Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777-200ER әуе лайнері Малайзияның астанасы Куала-Лумпурден Бейжіңге Қытайдың China Southern Airlines рейсімен бірлесіп, бортында 227 жолаушысы мен 12 экипаж мүшесімен жолға шыққан болатын. Ол радар экранынан 8 наурыз Малайзия уақыты бойынша 02.40-та жоғалған. Жолаушылардың екеуі рейске басқа біреулердің төлқұжаттарымен кірген.

Негізі Boeing 777 жолаушылары қаза болған деп жарияланды: олардың туған-туыстарына әуе компаниясының басшылығы ұшақ бортында болғандардың ешқайсысы тірі қалмады деп хабарлады. Егер, шынымен лайнердің апатқа ұшырау фактісі расталса, онда бұл 2003 жылдан бергі ірі әуе апаты болады.