ШҚО-да шахтадағы жұмысшылар үйінді астында қалды, бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да шахтадағы жұмысшылар үйінді астында қалды, бір адам қаза тапты

ШҚО-да шахтадағы жұмысшылар үйінді астында қалды, бір адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое  ауданында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де қайғылы оқиға орын алды.

  • 4 Мамыр 2014
  • 368
Фото - Caravan.kz

 Юбилейно-Снегирихинская шахтасында 3 мамыр күні  бекіту жұмыстарын жүргізу кезінде тау массасының бір кесегі құлады. Салдарынан 3 тау-кен жұмысшысы үйінді астында қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

1975 жылы туған жұмысшы оқиға орнында жан тапсырды. ТЖ-ны жоюға Шығыс Қазақстан облысының ТЖД 2 техникасы мен жеке құрамның 2 адамы, Ертіс әскери таудан құтқару жасағының 15 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.