Оңтүстік Қазақстан облысында полицияның аудандық бөлімше тергеушісіне қатысты бес қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында полицияның аудандық бөлімше тергеушісіне қатысты бес қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында полицияның аудандық бөлімше тергеушісіне қатысты бес қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында полицияның аудандық бөлімшелерінің бірінің тергеушісі бес қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылып отыр.

  • 4 Мамыр 2014
  • 302
Фото - Caravan.kz

Аймақтың прокуратурасы оған қатысты "дәлелдерді бұрмалау", "әрекетсіздік" және "қызмет бабын бұрмалап пайдалану" баптары бойынша бес қылмыстық іс қозғап отыр, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасынан.

"Ол бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық істің материалдарын бұрмалаған, соның нәтижесінде сотқа екі күдікті адамға қатысты материалдар жөнелтілген, тексеру көрсеткендей, төрт адам болуға тиіс болатын", делінген онда.

Тергеушінің кабинетінен көрші ауданнан түскен ұрлық фактісі бойынша материалдар табылған, оларды тергеуші арыздарды есепке алу кітабына тіркемеген және ешқандай шара қолданбаған.


Прокуратура қызметкерлері тергеушінің кабинетін тексеру барысында адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақаты фактісі бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы тапқан.