Семей-Бородулиха тас жолында көлік апатынан әйел адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей-Бородулиха тас жолында көлік апатынан әйел адам қаза тапты

Семей-Бородулиха тас жолында көлік апатынан әйел адам қаза тапты

Семей-Бородулиха тас жолының 27 шақырымында жүргізуші көлікті дұрыс басқара алмай, «Ауди» көлігі аударылды.  Апаттан алған жарақат салдарынан 40 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, тағы үш жолаушы жарақаттанд

  • 4 Мамыр 2014
  • 504
Фото - Caravan.kz

Жуырда Құршым ауылының маңында да осындай оқиға орын алған. Мұнда аударылған көліктің жүргізушісі бас жарақатымен ауруханаға түскен еді.

Полиция инспекторы Ақгүл Атудинова хабарлағандай, соңғы 4 айда өңірде 33 көлік аударылған, онда 9 адам қаза тапты және 34 азамат жарақаттанды. Бұл өткен жылғы трассадағы жол-көлік апаты көрсеткішінен 7 пайызға артық.


Соңғы төрт айда облыста болған жол-көлік апатынан қаза тапқандардың жалпы саны 46 адамды, ал жарақаттанғандардікі 391 адамды құрады. Жолдағы өлім көрсеткіші 12 пайызға артқан.