Көпір қирап, 11 адам ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көпір қирап, 11 адам ажал құшты

Көпір қирап, 11 адам ажал құшты

Қытайдың оңтүстігінде салынып жатқан тас көпір опырылып түсті. Оның салдарынан кем дегенде 11 адам ажал құшып, бірнешеуі жарақат алд

  • 4 Мамыр 2014
  • 355
Фото - Caravan.kz


Бұл оқиға Гуандун провинциясындағы Маомин қаласында орын алды.

Белгілі болғандай, биліктің тыйым салуына қарамастан, жергілікті тұрғындар елді мекенде көпірдің құрылысын жүргізген. Қала үкіметі бірнеше мәрте құрылыс жұмыстарын жалғастыруға шектеу енгізген көрінеді, алайда тұрғындар үш күндік демалысты пайдаланып, аталған нысандағы құрылысты жандандырған. Осы жұмыстың барысында көпір опырылып түсті, деп жазады шетелдік БАҚ.