ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды күшейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды күшейтті

ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды күшейтті

ҚР Президентінің Әкімшілігі «Қазақстан - 2050» Стратегиясының міндеттерін орындау және  басты мақсат - ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды жүзеге асыру жолындағы Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды күшейту және саяси қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру бойынша жұмыстардың жаңа форматын енгізді.

  • 4 Мамыр 2014
  • 528
Фото - Caravan.kz

Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімдерінде сараптамалық топтар құрылды, Елбасының тапсырмаларының уақытылы әрі сапалы орындалуын бақылау бойынша жаңа жүйе құрылды.

Ағымдағы жылдың сәуірінен Премьер-Министр Кеңсесінің, министр орынбасарларының, жауапты хатшылардың, облыс әкімдері орынбасарларының, ұлттық компания жетекшілерінің Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалатын апталық отырыс тәжірибесі енгізіледі.   

Жиын қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақытылы әрі сапалы орындау бойынша, қажет болған жағдайда орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың саяси мемлекеттік қызметкерлерінжауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарын  Үкіметке жолдайды.

Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша Үкіметке Елбасының орындалу кезеңі есептік кезеңдегі 33 тапсырмасының жүзеге асу барысы туралы ұсыныстар жолданды.

Үкімет дереу бұл ұсыныстар бойынша тиісті шараларды қолданды.


Осының негізінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қаулысымен 2014 жылға арналған Үкіметтің Заң жобалары жұмыс жоспарын орындау мерзімінің бұзылғаны үшін

Қаржы вице-министрі Р.Даленовке және Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі М.Әбілқасымоваға, моноқалаларды дамыту бағдарламасының жүзеге асуын бақылау жұмыстарының бәсеңдеуі үшін  Өңірлік даму вице-министрі С.Жұманғаринге ескертулер жасалды. 

Мемлекет басшысының тапсырмаларының уақытылы әрі сапалы орындалуын бақылау бойынша Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің бірлескен жұмысы жалғасын таппақ.