Нью-Йоркте жекеменшік үй рекордтық баға - 147 млн. долларға сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йоркте жекеменшік үй рекордтық баға - 147 млн. долларға сатылды

Нью-Йоркте жекеменшік үй рекордтық баға - 147 млн. долларға сатылды

Нью-Йорк маңында Лонг-Айленд аралындағы жекеменшік үй жылжымайтын мүлік нарығында рекордтық баға - 147 млн. АҚШ долларына сатылды.

  • 5 Мамыр 2014
  • 343
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы америкалық БАҚ хабарлады.

Ист-Хэмптон курорттық аумақта орналасқан жекеменшік үй бақ, тоғандарымен қоса алғанда, 7, 3 гектар учаскемен бірге сатылды.

Үйдің жаңа қожайыны — JANA Partners хедж-қорының басшысы Барри Розенстин.


 Розенстиннің бұл саудасы екі апта бұрын белгіленген рекордты басып озды. Онда Коннектикут штаты, Гринвич қаласында Copper Beech Farm аталатын зәулім үй 120 млн. долларға сатылған болатын.