Ресейдің Халық әртісі Татьяна Самойлова ауыр халде ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Халық әртісі Татьяна Самойлова ауыр халде ауруханаға түсті

Ресейдің Халық әртісі Татьяна Самойлова ауыр халде ауруханаға түсті

Миллиондаған көрермендерге «Летят журавли» кинофильмі арқылы жақсы таныс Татьяна Самойлова шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. 

  • 5 Мамыр 2014
  • 233
Фото - Caravan.kz


80 жасқа толған Ресейдің Халық әртісі Татьяна Самойлованың денсаулығы күрт нашарлап кеткен себепті ол Мәскеудегі емханалардың біріне жеткізілген, деп жазады segodnya.ua. Атап айтқанда, халықтың сүйікті актрисасының қан қысымы күрт көтеріліп, жүрек сырқаты сыр берген. Қазіргі уақытта ол жасанды тыныс алдыру аппаратына жалғанып, өмірі үшін күресіп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Татьяна Самойлова Вероника рөлін сомдаған «Летят журавли» фильмі 1958 жылы Канн кинофестивалінде Кеңес Одағы бойынша жүлде алған жалғыз туынды болды. Ал Татьянаның өзі болса осы еңбегі үшін қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болған еді.