Солтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды

Солтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды. Мұнда ғылыми зерттеулер жүргізіліп, жаңа жобалар енгізілетін болады, деп хабардар етті оның меңгерушісі Людмила Гривенная.  

  • 5 Мамыр 2014
  • 598
Фото - Caravan.kz


«Біз ғылыми гранттар мен жобаларға қатысып, өзіміздің ғылыми ұсыныстарымызды әзірлеуді, оларды өңірімізде жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ  оқу орнында оқытылып жүрген этносаяси саламен байланысты пәндерді теориялық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіп, тарихи, әлеуметтік, саяси және экономикалық зерттеулер нәтижелерін тұжырымдамақпыз», — дейді Л.Гривенная. 

Шараға аймақ басшысы Самат Ескендіров пен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков қатысты. Қонақтар кабинеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, университет ұжымын кафедраның ашылуымен құттықтады.

Айта кетейік, бұл елімізде ашылып отырған осындай екінші кафедра. Алғашқы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы бұдан бұрынырақта елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ашылған еді.