Шешімді аудан жұртшылығы түсіністікпен қабылдады. Қожахмет хазірет атындағы мешіттің имамы Өсербай Шәкеновтің айтуынша, «Жұма күні арақ сатылмасын!» акциясын алғаш қолдаушылардың қатарында «Дүкен», «Мұхамедғалым», «Жексенбай», «Руслан», «Әлем» «Нұр Астана», «Мерей», «Жанара» секілді сауда нүктелерінің басшылары үн қосқан. Осы сауда орындарының маңдайшаларына «Жұма күні арақ сатылмайды» деген жазулар ілінген.
Адамдарды саламатты өмір сүруге шақыратын мұндай акция Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.