Талдықорғанда тұрғын үй өртеніп, 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда тұрғын үй өртеніп, 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Талдықорғанда тұрғын үй өртеніп, 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Талдықорғанда төрт қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

  • 5 Мамыр 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz


ТЖМ мәліметтері бойынша, 4 мамыр күні 17:05 кезінде төртінші қабаттағы пәтердің балконы тұтанған. Кейін жалын үйдің шатырына қарай жайылған. Жалпы өрт шарпыған аумақ 400 шаршы метрді құрады. Залал мөлшері мен үйдің қаншалықты зақымданғаны жайлы ақпарат берілмеді.

Иіс тиіп уланған 20 жастағы қыз ауруханаға жатқызылды. «Оқиға орнынан 1 адам құтқарылып, үйдің 40 тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды. Үй тұрғындары туған-туыстарына орналастырылды. Бір отбасына №1 кәсіби лицейінің жатақханасынан орын берілді» делінген хабарламада.