11 қытай теңізшісі отырған үрлемелі қайықты жұмада Венесуэланың балық аулайтын қайығы тапқан, алайда бұл туралы енді белгілі болған. Төрт теңізшінің денесі әбден күйіп кеткен екен, артынан оның екеуі қаза болыпты.
Венесуэлалық қайық көмек сұрап дабыл берген, америкалық әскерилер көмек ретінде команда жолдаған.
Құтқарушылар суға парашют арқылы түскен, сосын үрлемелі қайықпен венесуалдық қайыққа жеткен, ол жерде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетілен. АҚШ әскери күштері өкілінің айтуынша, суға батып кеткен кемеде тағы алты теңізші болған, олардан хабар жоқ.