«Еркектерше сөйлесейік» деп 10 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Еркектерше сөйлесейік» деп 10 жылға сотталды

«Еркектерше сөйлесейік» деп 10 жылға сотталды

Жақында Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің жүріп жүрген қызының бұрыңғы жігітін пышақтап өлтірген сотталушыға 10 жыл үкім кесті. Бұл туралы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

  • 5 Мамыр 2014
  • 435
Фото - Caravan.kz

Сотталушы Қызылорда қаласында орналасқан мейрамханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеп жүрген. Сол жерде өзі сияқты даяшы қызбен танысып, кездесіп жүрген. Біраз уақыттан соң екеуі ұрысып қалады, даяшы жігіт жұмыстан шығып кетеді. Сөйтіп, екеуі біраз уақыт бір-бірін көрмей жүреді. Айта кететін жайт — қыздың бұл даяшы баладан бұрын кездесіп жүрген жігіті болған, бірақ онымен де ұрысып қалған екен.

Алайда, бірнеше ай өткен соң даяшы жігіт ауысып кеткен дәмханаға қыз да жұмысқа кіреді, бірақ ол жерде жігіті істейтінін білмеген. Сөйтіп, екеуінің арасында сезім қайтадан оянады.

Бір күні жігіт қыздың телефон арқылы бірінші жігітімен сөйлесіп отырғанын байқап, телефонын алып қыздың атынан хабарламалар жазуды жалғастырады. Алайда, телефонның екінші жағындағы жігіт басқа біреу жазып отырғанын сезіп қояды. Сөйтіп, екеуі бір-бірін балағаттап, ақыры сол күні кешке «еркекше сөйлесейік» деп келіседі.

Кешке қарай қыздың алғашқы жігіті дәмханаға келіп, даяшы жігітті шақырып алады да, сол маңайдағы гараждардың қасына «сөйлесуге» шақырады.


Ақыры төбелес басталып, арасында даяшы жігіт стол үстінде тұрған үлкен асхана пышағын алып қарсыласына бірнеше рет сұғып алған. Өмірге қауіпті дене жарақаттарын алған жігіт жедел жәрдем келгенше сол жерде көз жұмды.

Жігіттердің арасындағы даудың басы — қыз бұл оқиға болған кезде дәл сол дәмханада жұмысын істеп жүрген болатын. Сот отырысына қыз келмеді. Сол оқиғадан кейін ол жүйкесі ауырып, ауруханада емделіп жатқаны жөнінде анықтама тапсырған.

Сотталушы өзінің кінәсін ішінара мойындап: «Адамды өлтіру ойымда болмады, пышақты қорқыту үшін қолыма алдым, қалай сұғып алғанымды білмей қалдым», — деді.

Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге белгіледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.