А.Аваков:"Славянскіде телемұнара украиналық күш құрылымдарының бақылауына алынды" - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Аваков:"Славянскіде телемұнара украиналық күш құрылымдарының бақылауына алынды"

А.Аваков:"Славянскіде телемұнара украиналық күш құрылымдарының бақылауына алынды"

Славянскіде телемұнара украиналық күш  құрылымдарының бақылауына алынды, деп мәлімдеді Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков.

  • 5 Мамыр 2014
  • 525
Фото - Caravan.kz

"Славянскіде телемұнара толығымен украиналық биліктің бақылауына алынған, украиналық каналдар хабар таратуда", деді А.Аваков журналистерге дүйсенбіде қалаға кіре берістегі блокбекетте.

А.Аваков алдында Славянскінің шетінде болған ұрыс кезінде украиналық әскерлер қаза болды, деп мәлімдеген болатын.

"Таңертеңнен АТО отряды торуылды әшкереледі, террористердің тобын байқап қалды. Олар ауыр техника қолдануда, миномет пен басқа да қару қолдануда", деді А.Аваков.

Ал Славянскінің өзін-өзі қорғау штабының өкілі дүйсенбіде телефонмен хабарлағандай, украиналық күштік құрылымдар жергілікті телемұнараны басып алған, сарбаздар қаланың ішіне қарай ығысып жатыр.


Славянскіде ұялы байланыс тағы істемей қалды, сарбаздардың көшбасшыларының және Славянскінің "халық мэрі" Вячеслав Пономаревтің ұялы телефондары жауап бермейді.