Екінші қазақстандық бақылаушы серік Ясный ғарышжайынан маусым айында ұшырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екінші қазақстандық бақылаушы серік Ясный ғарышжайынан маусым айында ұшырылады

Екінші қазақстандық бақылаушы серік Ясный ғарышжайынан маусым айында ұшырылады

Екінші қазақстандық серік KazEOSat-2 Ясный ғарышжайынан биыл маусым айында ұшырылады, деп хабарлады Қазақстан ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.

  • 5 Мамыр 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде дүйсенбіде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Бірінші қазақстандық бақылаушы серігі KazEOSat-1 Куру (Француздық Гвиана) ғарышжайынан 30 сәуір күні астаналық сағат 7:35-те ұшырылған.

Қазақстандық ғарыш жүйесі (КС) ДЗЗ екі оптикалық-электронды ғарыштық аппараттан тұрады, оның бірі — кеңістіктік рұқсаты жоғары (1 метр) "KazEOSat-1", екіншісі –кеңістіктік рұқсаты орташа (6,5 метр) "KazEOSat-2".

"KazEOSat-1" серігі "ҚазақстанҒарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ мен "Airbus Defence and Space" (бұрынғы атауы EADS Astrium) француз компаниясы арасындағы келісімшарт шеңберінде құрастырылған.