Ақсай полиция бөлімінің бастығы біржақты қозғалысқа арналған көшеге шыға сала жылдамдығын арттырған. Жаны қысылғаны сонша қарсы шыққан көліктерге де қараған жоқ. Дегенмен шенді полицей қашып құтыла алмады. Әбдімәлік Қайназар істі болған азаматтан ақша бопсалаған екен. Милллион теңгені таба алмаған ол, қаржы полициясына хабарлапты. Бөлім бастығы келісілген сол соманың бір бөлігін алмақ болғанда ұсталды. Бірақ Әбдімәлік Қайназар көлігінен таңбаланған теңгелер табылса да, «ақша алмадым» деп азар да безер.
–Міне 10мың теңгеліктер.
— Ақша менікі емес, сендер қойып кеткен шығарсыңдар.
— Не қыламын мен ақшаны ол жаққа қойып?
— Қараңдар, бұрышында не жазу бар екенін.
— Жоқ, мен ақша алған емеспін.