Ұрланған қыздар 12 доллардан күңдікке сатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұрланған қыздар 12 доллардан күңдікке сатылып жатыр

Ұрланған қыздар 12 доллардан күңдікке сатылып жатыр

Нигериядағы «Боко Харам» деп аталатын христиан содырлар тобы  қыздарды ұрлап әкетіп, күңдікке сатып жатыр, деп жазады muslim.kz. 

  • 6 Мамыр 2014
  • 470
Фото - Caravan.kz


Елде оларды құтқару шараларын қолға алмаған билік орындарының жауапсыздығы мен салғырттығына қарсы жаппай наразылық шаралары өтуде. 

Нақтылай айтсақ, Нигерияның солтүстік-шығысындағы Чибок елді мекеніндегі мектептен ұрланған 200-ден аса жоғары сынып оқушыларының біразы босатылғанымен, оралмағандары да бар болып шықты. Содырлардың оларды қайда жасырғаны белгісіз.

Жергілікті ақсақалдардың сөзіне қарағанда, радикалдар 16-18 жас аралығындағы қыздарды шекара асырып, Камерун мен Чад мемлекеттерінде 2000 найра ақшаға (шамамен 12 долларға) күңдікке сатып жатыр.