Қазгидромет: Бүгін еліміздің шығыс өңірінде шаңды дауыл соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: Бүгін еліміздің шығыс өңірінде шаңды дауыл соғады

Қазгидромет: Бүгін еліміздің шығыс өңірінде шаңды дауыл соғады

Атмосфералық ауа ағымының басым болуына байланысты еліміздің көптеген аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп күтілуде деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

  • 6 Мамыр 2014
  • 340
Фото - Caravan.kz


Көптеген жерлерде жел күшейіп, Шығыс Қазақстанда шаңды дауыл болады.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, ал күндіз Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК алдағы тәуліктерде Петропавл қаласынан төмендегі Есіл өзенінде көктемгі судың жайылуы артып, судың тасуы мен су деңгейінің көтерілуі сақталатынын ескертеді. Ал республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде су көлемі көбейеді.