Айымбетов ХҒС-на Қазақстанның атынан аттануға үміткер жалғыз ғарышкер емес – Қазғарыш - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айымбетов ХҒС-на Қазақстанның атынан аттануға үміткер жалғыз ғарышкер емес – Қазғарыш

Айымбетов ХҒС-на Қазақстанның атынан аттануға үміткер жалғыз ғарышкер емес – Қазғарыш

Қазақстан атынан Халықаралық ғарыш станциясына аттануға үміткер ретінде Айдын Айымбетовтың кандидатурасы қарастырылып жатыр.

  • 6 Мамыр 2014
  • 693
Фото - Caravan.kz

«Әзірге үміткер ретінде дайындықтан өткен Айымбетов (…) қарастырылып отыр. Бірақ, басқа адамдарды да дайындймыз», — деді Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасы Талғат Мұсабаев дүйсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.

Ғарышкерлікке үміткер Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетов арнайы дайындықты 2007 жылы аяқтады. Олардың біреуі 2009 жылы күзде халықаралық экипаж құрамында ХҒС-на аттануы тиіс болатын. Алайда, қаржыландыру мәселесіндегі қиындықтарға байланысты ұшу кейінге қалдырылды. Ресеймен бекітілген контракт бойынша қазақстандық ғарышкері ұшыру үшін 30 млн долларға жуық қаражат төленуі тиіс еді.

2012 жылы М.Аймаханов Ресей азаматтығын алып, ресейлік ғарышкерлер жасағына қосылды.