Америкалық елшіліктің баспасөз қызметінен хабарланғандай, бұл сапар — АҚШ-тың Орталық Азияның дамуы мен ондағы қауіпсіздікті құптайтынының бір айғағы.
«АҚШ — Қазақстан Республикасында елшілік ашқан алғашқы ел. Ол елдер арасындағы аймақтық қауіпсіздіктің күшеюін, сауда-экономикалық байланыстың кеңеюін, адам және азаматтық қоғам құқықтарының күшеюін мақтан тұтады», — делінген елшілік хабарламасында.
У. Бернс екіжақты және аймақтық ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін мемлекет басшылығымен кездеспек. Онда қауіпсіздік, саясат, экономика мәселелері қаралады.