КХДР халқының 84 пайызға жуығы тамаққа жарымай отыр - БҰҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КХДР халқының 84 пайызға жуығы тамаққа жарымай отыр - БҰҰ

КХДР халқының 84 пайызға жуығы тамаққа жарымай отыр - БҰҰ

КХДР тұрғындары соңғы бірнеше ай бойы тағамның қажетті күндік мөлшерін   600 гр емес, небәрі 420 гр ғана алады, - деп хабарлайды РИА Новости "Свободная Азия" радиостанциясына сілтеме жасай отырып.

  • 6 Мамыр 2014
  • 530
Фото - Caravan.kz

Пхеньяндағы БҰҰ-ның Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы бөлімшесі  өкілдігінің мәлімдеуінше, КХДР әр тұрғынының күндік тағам мөлшері  2014 жылдың қаңтар айында 400 гр құраса, ақпан айында 402 гр, ал наурыз, сәуірде 420 граммды құраған.

Ал ақпараттық интернет-ресурс "Голос Америки" өз кезегінде, КХДР-на сәуір айында халықаралық гуманитарлық көмек аясында 2 мың 405 тонна азық-түлік жеткізілгенін айтады.  Наурыз айында екі есе аз. Сонымен қатар аталмыш айларда 2013 жылы гуманитралық көмек көлемі 4 мың тоннаны құраған.

Ақпан айында  БҰҰ БАТБ  мынадай баяндаманы  жария етті: КХДР-да 2013 жылы азық-түлік жағдайы 2012 жылға қарағанда жақсарған. Құжатта  аталмыш елдің 46%-ға жуығы  "қажетті мөлшерде" азық-түлікпен қамтамасыз етілген деп жазылған. 7%-ға жуығы  "мардымсыз" тамақтанса,  38%   "аштықтың сәл алдында" тұр. 2012  жылы  халықтың 26%  "қажетті мөлшерде"  тамақ алса, 50%  ашарлылықтың сәл алдында тұр.



БҰҰ БАТБ "Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы)  2013 жылы КХДР-на 38 тысяч тоннаға жуық азық-түлік жеткізген, бұл — 1996 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.

БҰҰ мағлұматы бойынша, КХДР халқының 84 пайызға жуығы тамаққа жарымай отыр.

Аударған: Заира Сабитова