"Боко Харам" лидері ұрланған нигериялық оқушы қыздарды сатамын деп қорқытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Боко Харам" лидері ұрланған нигериялық оқушы қыздарды сатамын деп қорқытуда

"Боко Харам" лидері ұрланған нигериялық оқушы қыздарды сатамын деп қорқытуда

"Боко Харам" радикалды исламдық топ лидері Абубакар Шекау 15 сәуірде Нигерияның Борно штатындағы Шибок қаласынан ұрлап ікетілген оқушы қыздарды сатпақшы екенін мәлімдеді, деп бүгін АП агенттігі хабарлады.

  • 6 Мамыр 2014
  • 317
Фото - Caravan.kz

Олар (оқушы қыздар – ИФ) – күңдер, мен оларды сатып жіберемін, өйткені бұл үшін менің базарым бар», дейді содырлардың басшысы бейнемәлімдемеде.

Бүгін Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Уильям Хейг исламшылардың әрекетін айыптады.

«Боко Харам» мүшелері қыздарға әскери олжа ретінде қарап отыр. Бұл айуандық ірекет. Бәріжауапкершілік тартып, заңды сақтағаны дұрыс», деп жазады министр «Твиттердегі» мкроблогында.

Бұрын хбарланғандай, 14 сәуірде "Боко Харам" содырлары 276 оқушы қызды тұтқынға алған болатын. 53 қыз қашып кеткен, алайда қалғандары әлі тұтқында қалып отыр.