Ресейдің Невель қаласында қазақтың әйгілі майдангеріне ескерткіш орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Невель қаласында қазақтың әйгілі майдангеріне ескерткіш орнатылды

Ресейдің Невель қаласында қазақтың әйгілі майдангеріне ескерткіш орнатылды

Ресейдің Псков облысы Невель қаласында бүгін қазақстандық жауынгер, мерген Ибрайым Сүлейменовке ескерткіш тақта орнатылды.

  • 6 Мамыр 2014
  • 575
Фото - Caravan.kz

«Батырға ескерткіш орнату жөнінде «Майдан жолы» іздеу жасағының жауынгерлері ұсынды. Олардың бұл ұсынысын «Қазақстан электролиз зауыты» басшылығы мен Еуразиялық топ қолдап, патриоттық жобаны қаржыландыруды өз мойындарына алды», делінген электролиз зауытының хабарламасында.

И.Сүлейменов Қызыл Армия қатарына 1941 жылы күзде шақырылды. 100-ші қазақ атыс бригадасы құрамында Мәскеу түбіндегі шайқасқа, Ұлы Лук пен Невельді азат етуге қатысқан. Ол 1943 жылдың қазанында мерт болған. Ол 289 фашистің көзін жойған. Марқұм Ленин орденіне ұсынылған.

«Ибрайым Сүлейменов туралы газеттерде жазылды, қазақ ақыны Жамбыл оған өлең жолдарын арнады.


Ескерткіштің салтанатты ашылуы 7 мамыр күні болады.