Кевин Даллмэн “Барысқа” қайта оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кевин Даллмэн “Барысқа” қайта  оралды

Кевин Даллмэн “Барысқа” қайта оралды

Ұлы жеңістің 69-жылдығына орай  соғыс және еңбек ардагері Шаяхмет Ғайнановты еске алу үшін бокстан халықаралық турнир басталды. 1998-1999 жылы туылған жас өрендер додасында Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қазақстанның шартарабынан 100-ден астам үміткерлер күш сынасуда.

  • 7 Мамыр 2014
  • 237
Фото - Caravan.kz

Жас өрендерден асқан техникалық шеберлік пен зіл соққылар күту әлі ерте. Бірақ  бойларында жеңіске деген жігерлік пен ынта өте жоғары. Бесінші рет жалауын көтерген Алматыдағы турнирде тартымды жекпе-жектер аз болған жоқ. Қызылордалық Досбол Сейіткәрім мен алматылық Абылай Төлебай арасындағы бәсеке  көрермендерді баурап алды. Кездесудің екінші раундында Абылайды нокдаунға жіберген Досбол,  енді тізгінді қолдан шығармайтындай көрінген. Сөйтсек, Абылайдың ойы басқаша екен. Қарсыласын қуалай жүріп соққының астына алған алматылық боксшы, жарыстың ширек сынына жолдама алды. Турнирдің ақтық бәсекелері 7- наурыз күні өтеді.

 

Жамбыл облысы Меркі ауданында ұлттық жекпе-жектен тұңғыш республикалық турнир мәресіне жетті. Жауғаш батырдың рухына бағышталған бұл бәсеке еліміздің білекті жігіттерінің басын қосты.

9 салмақ дәрежесінде өзара кім мықтыны анықтаған майталмандар жоғары дайындықпен келіпті. 5 минуттан екі раундқа созылған жекпе-жектер тартысқа толы болды. Нәтижесінде  55 келі салмақта Мейір Әбілғалимов, 60 келіде Қазбек Әшімов, 70 те Нұржан Тұтқаев, ал аса ауыр салмақта Мирас Қонақов жеңімпаз атанды.

 


Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының қорғаушысы Кевин Даллмэн “Барысқа” оралды. 33 жастаға ойыншымен келісім шарт үш жылға жоспарланған.

Бұған дейін ол питердің “СКА” командасында екі маусым өнер көрсеткен. 2013-ші жылы Қазақстан азаматтығын алған Даллмэн қазір құрамамен бірге Минскте өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Естеріңізге сала кетсек, біздің хоккейшілер Финляндия, Ресей, АҚШ, Швейцария, Германия, Латвия және Беларусь құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді. Әлем чемпионаты мамырдың 9 күні басталмақ.