Жаңа лентаның шетіндегі қызыл жолақтар төгілген қанды, қара жолақ қайғыны білдірсе, оған еліміздің туымен түстес көгілдір жолақты қосқан. Лентаның 5 мың данасына тапсырыс беріп қалада өтіп жатқан түрлі мерекелік шарада таратып та шығыпты. Өз беттерімен осындай бастама көтерген жастар келесі жылы кеңінен атап өтілетін Жеңістің 70 жылдығында тек көгілдір жолақты лента тағып шықпақ ойда.
Әсемгүл Есқожа, «Азаматтық бастамаларды дамыту» қоғамдық интституның төрайымы
-Бұл лента Ұлы Отан Соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлердің ерлігін ұлықтау мақсатында енгізіліп отыр. Соның символы белгісі ретінде. Бұл лентаны басқа өңірлердің жастары да қолдайды деген сенімдеміз.