Соғыс ардагерлері GPS-навигатордың қызметін пайдаланбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соғыс ардагерлері GPS-навигатордың қызметін пайдаланбақ

Соғыс ардагерлері GPS-навигатордың қызметін пайдаланбақ

Қарияларға ерекше сый. Соғыс ардагерлері GPS-навигаторлардың қызметін пайдаланбақ. Бұл қондырғылар қариялардың жүріп-тұрғанын ғана емес, жедел жәрдем көлігін шақыртқанынан да хабар береді. Алайда, мұндай жаңа технология әзірге тек Алматы мен Астана қаласына бұйырып отыр.

  • 7 Мамыр 2014
  • 312
Фото - Caravan.kz

Мынадай көмекші құрал енді әрбір ардагердің қолында болады. Қондырғылардың көмегімен ауырған жағдайда жедел жәрдем шақыртып, полицияға, тіпті туысқандарына да хабар беруге мүмкіндіктері бар. Ерекше көмекші үйдегі немесе қалта телефонына орнатылады. Бастысы, қызыл нүктені басса болғаны. Тіпті, науқас құлап бара жатса да, қондырғы автоматты түрде іске қосылады. Сырқаттан түскен хабар бірден орталыққа жетеді. Кәсіпкерлер жеңіс күніне орай соғыс ардагерлерін бұдан басқа да тосын сыйлармен қуантамыз деп отыр. 1-ші мамырдан бастап еліміздегі барлық ардагерлер пойыздарда тегін жүруге құқылы. Ал, «Самұрық-Қазына» қоры қарттарды жыл бойы қамқорлыққа алып, тұрмыс жағдайларын да жақсартуға уәде етуде. 


 Өмірзақ Шүкеев, «
Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы:

— Меморандумға қол қойдық өздеріңізбен. Жеңістің  70 жылдығына  қалай дайындаламыз деп. Енді оған 1 жыл бар ғой. Бірақ, 1 жылда тек 9-ыншы мамырда ғана емес, күнделікті жасайтын жұмысты талқылап отырсақ па деген сондай мақсат.