Павлодар облысында масаға қарсы күрес басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында масаға қарсы күрес басталды

Павлодар облысында масаға қарсы күрес басталды

Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы жаппай күрес басталды. Жергілікті эпидемиологтар әсіресе маса көбейіп кетпес үшін ең қауіпті деген аймақтарды залалсыздандырып жатыр.

  • 7 Мамыр 2014
  • 389
Фото - Caravan.kz


Көбінесе, бұл тасқын кезеңінде жайылған су қоймалары мен шағын көлшіктердің маңайы. Осыған орай, дельтапланеристер күн сайын таң атысымен әуеге көтеріліп, дезинфекция жасауда. Бұл шараға қазынадан 160 млн теңге бөлінді. Қомақты қаржыны игермес бұрын мамандар жәндіктерге энтомологиялық зерттеу жүргізген. Себебі, қансорғыштардың арасында ауру тасымалдайтын түрлері өте көп. Атап өтерлігі, осыдан алты жыл бұрын Павлодарда безгек масалары пайда болғаны анықталды. Бірақ қауіпті кеселдің ізі байқалмаған. Дегенмен содан бері кешенді залалсыздардыру науқаны үздіксіз жүргізіліп келеді.