Соғыс туралы кино көргенді ұнатпайтын отбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соғыс туралы кино көргенді ұнатпайтын отбасы

Соғыс туралы кино көргенді ұнатпайтын отбасы

Петропавлдық ерлі-зайыпты Ганенколар осы күнге дейін соғыс туралы кино көргенді ұнатпайды. Балалық шақтарында концлагерде бірге өскен олар кейін бір-бірімен табысқан. Елу жыл бойы жұптарын жазбаған қариялар сол қиын уақыттан қалған қорқыныштан әлі күнге дейін арыла алмапты.

  • 8 Мамыр 2014
  • 639
Фото - Caravan.kz

Зоя Ганенконы анасы 1942 жылдың көктемінде Ресейдің Брянск  түбіндегі орманда туған. Партизандарға көмектескені үшін ауылдарын фашистер тып-типыл етіп өртеп жіберіпті. Бас сауғалаған бұқара күзге дейін ағаш арасын паналаған. Кейін фашистер оларды орманнан қуып шығып,  Локот концлагеріне жіберген.

Зоя Ганенко, Петропавл қаласының тұрғыны: 

-Анамды фашистер тергеуге әкелгенде қолындағы бір жасар мені еденге алып ұрған екен. Аман қалғаныммен, бүйрегім зақымданыпты. Өмір бойы сол дертім сыр беріп жүреді. 

Ал Леонид Яковұлы концлагерге түскенде алты жаста еді. Кейін барлығын фашистер Курск доғасына әкелген. Әйелдер мен балаларды әдейі алғы шепке қойып, олардан оқтан қорғайтын қалқа жасамақшы болыпты. Анасының бауырындағы үш баланың кенжесі сол жерде аштан өлген. 


Леонид Ганенко, Петропавл қаласының тұрғыны:  

-Бізге концлагерде нан мен қара су ғана беретін. Бірнеше күн аш жүрген кездер де болды. Бала болсақ та фашистер бізді аямай ұрып соғатын. Содан бері басым ауырады.

Өткен ғасырдың 50-ші жылдары теріскейге тың көтеруге келген олар кейін осында өмір бойы тұрақтап қалған. Қазір екі баладан үш немере сүйіп отыр. Қарттар соғыс туралы кино көргенді ұнатпайды. Себебі, бала кездерінен бойларын билеген қорқыныштан әлі арыла алмай келеді.