Ақтөбеде дәрігерлер перзентхана қабырғасын шимайлап кететін әкелерді жөнге салмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде  дәрігерлер  перзентхана қабырғасын шимайлап кететін әкелерді  жөнге салмақ

Ақтөбеде дәрігерлер перзентхана қабырғасын шимайлап кететін әкелерді жөнге салмақ

Ақтөбедегі перзентхана қызметкерлерін жігіттердің жүгенсіздігі әбден шаршатыпты. Себебі, дүниеге келген сәбиін көруге келген әкелері мекеменің қабырғаларын шимайлап кетеді екен. 

  • 8 Мамыр 2014
  • 261
Фото - Caravan.kz


Дәрігерлер бұрын әкелердің перзентхана терезесіне телміріп, гүл ұстап,  босанған жарларымен ымдап түсініскен кездерін сағына еске алысуда. Ал қазір қолдарында ұялы телефон болса да, қуаныштарын перзентхана қабырғасына жазып жатыр. Бұл қылықтары әсіресе медицина мекемесінің кіші қызметкерлеріне ауыр тиген. Себебі әр апта сайын олар қабырғаны қайтара сырлап әуреге түседі. Басшылары да мұндай шимай-шатпаққа ақша бөлуден шаршаған. Сондықтан, қазір олар жас әкелердің көңілін аулайтын ерекше ермек ойлап табуға тырысып жатыр екен.