Павлодарда 90 жастағы соғыс ардагері алаяққа алданып пәтерінен айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 90 жастағы  соғыс ардагері алаяққа алданып пәтерінен айырылды

Павлодарда 90 жастағы соғыс ардагері алаяққа алданып пәтерінен айырылды

Павлодарда жасы 90-ға таяған ардагер айдың-күннің аманында пәтерінен айырылып қалды. Жалғыз тұратын Федор Кулагин осы күнге дейін әлеуметтік қызметкерлердің қарауымен жан бағып келген. Арқа сүйеген сол көмекшісінің алаяқ екені енді анықталып отыр. Ал сұрапыл шайқастарды бастан кешкен қария бейбіт күнде қалай баспанасыз қалғанын байыптай алар емес.

  • 8 Мамыр 2014
  • 272
Фото - Caravan.kz

Қан майданда қасқайып тұрып, бейбіт күнде барынан айырылған қарияның мұңы бұл. Федор Кулагин осыдан 4 ай бұрын қаңғырып кете жаздады. Пәтерін қулықпен иемденген алаяқтар майдангердің төлқұжаты мен 20-ға жуық медальін жойып жіберген. Сақталып қалғаны — мына сурет қана. Ол аздай, көзін емдетеміз деп Ресейге апарып, оны вокзалдың қақ ортасында тентіретіп тастап кетіпті.

Александр Шарапов, ардагердің туысы:

-Көрші әйел оның таң ата сөмкелерді асынып, біреумен апыл-ғұпыл шығып бара жатқанын байқапты. Ерте жөнелген адамның  асыққаны сонша, шапшаң қимылдауын талап етіп, айқайлап дауыс та  көтерген.

Жанарының нұры тайған қария жалған көмекшіге оп-оңай алданып қалған. Бар болғаны, емделу құжаттары қажет екенін түсіндіріп, қол қоюға көндіріпті.Сондағысы, қарызды мүлікпен қайтаруын растайтын қолхат екен. 


-Жаңа қожайындардың сот арқылы тартып алынғандары —  мына бес қабатты үйдің бір бұрышын алып жатқан пәтер. Майдангердің жалғыз бөлмелі баспанасынан дәмеленген анау-мынау емес, белгілі кәсіпкерлердің бірі. Тиісті құжаттар тап-тұйнақтай рәсімделіп кеткесін, полицейлер нақты ілік таба алмай әлек.

Гүлбақыт Бижанова, адвокат:

-Негізінде, табатын жағдайлары бар деп ойлаймын. Лавриненко деген, Ниязов деген кісілер осы Павлодар қаласында тұрады. Бұл кісілерге көп сұрақтар бар. Заңды бұзғаны ол көрініп тұр.

Қан майданнан кейін тағдырдың тәлкегіне қайта түсіп, бір сәтте баспанасыз қалған ардагердің алаңы басылар емес. Жапондармен арада болған шайқасты әңгімелей отырып, сан соқтырып кеткен пысықайлардың жайына орала береді.