Астанада жолақы 100 теңгеге көтерілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жолақы 100 теңгеге көтерілмек

Астанада жолақы 100 теңгеге көтерілмек

Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Басқармасы Астана қаласындағы жол жүру тарифі жөнінде қоғамдық тыңдау өткізді. Отырыста қозғалған мәселе жайында толығырақ astana.gov.kz сайты жазады.

  • 9 Мамыр 2014
  • 254
Фото - Caravan.kz

Ондағы деректерге сүйенсек, 2008 жылдан бері дизель отынының 1 литрі 75 теңгеден 115 теңгеге дейін, яғни 65%-ға өскен. Тасымалдаушылардың қосалқы бөлшектер мен материалдарға шығыны 80%-ға артқан. Ал, елорда тұрғындарының орташа жалақысы 91,2 мыңнан 146,9 мың теңгеге дейін,  яғни 61,1%-ға көтерілген. Жолақы құны болса 2008 жылдан бері өзгеріссіз қалуы себепті бүгінде бұл саланы дамытуға қаржы жетіспейді.

Осы себепті Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әбдіхамит Тамабаев: «Қалалық қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қоғамдық көлікте бір реттік жолақы құнын ересектер үшін 100 теңге, балалар үшін 40 теңге көлемінде белгілеу қажет деп санаймыз», — деді.