Ақтауда жергілікті суретшілердің туындысы көпшілікті таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жергілікті суретшілердің туындысы көпшілікті таңғалдырды

Ақтауда жергілікті суретшілердің туындысы көпшілікті таңғалдырды

Ақтау қаласында жаңа кескіндемелер пайда болды. Ерікті суретшілер теңізге түсетін баспалдақ қабырғаларын Жеңіс мерекесіне арналған суреттермен көмкерді.

  • 9 Мамыр 2014
  • 329
Фото - Caravan.kz


Бейнелеу өнерінің шеберлері граффити тәсіліндегі жұмысты ертеңге дейін аяқтаулары тиіс. Ал, 9 мамыр күні қала тұрғындары мен ардагерлер суретшілердің мерекелік тартуын тамашалай алады. Қабырғадағы түрлі түске қанық алып кесіндеменің көлемі 250 шаршы метрге жуық. Мұнда әскери орденнен бастап, танктер, ұшақтар мен жауынгерлердің бейнесі бар. Жалпы композиция екі бөлімнен тұрады. Қылқалам шеберлері дуалдың төменгі бөлігінде отты жылдардың қасіретін бейнелесе, жоғарғы жағында бейбіт өмірдің көріністері орын алған. Қаржылай шығынды өз мойнына алған шығармашыл топ ардагерлерге осылай сый жасап отыр.