Қызылорда облысында 10 адам опат болған апатқа байланысты ойын-сауық шараларына тиым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 10 адам опат болған апатқа байланысты ойын-сауық шараларына   тиым салынды

Қызылорда облысында 10 адам опат болған апатқа байланысты ойын-сауық шараларына тиым салынды

10 адам опат болған апатқа байланысты Қызылорда облысында алдағы жексенбіге дейін ойын-сауық бағдарламаларына шектеу қойылды. Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік жол апаты кеше Шиелі ауданында орын алған.

  • 9 Мамыр 2014
  • 581
Фото - Caravan.kz


Тарғотай ауылының маңында жолаушыға лық толы микроавтобус пен джип бетпе-бет соғылған-ды. 8 жолаушы сол жерде жап тапсырып, 2-уі аурухаға бара жатқан жолда көз жұмды. Тағы 9 адамның өмірі үшін қазір дәрігерлер күресіп жатыр. Соққының күшті болғаны соншалық, мыжылып қалған темір-терсек арасынан мәйіттерді шығару үшін құтқарушыларға тіпті арнайы техника пайдалануға тура келген. Осы қанды оқиғаға байланысты Қызылорда облысында 11-ші мамырға дейін барлық ойын-сауық шараларына тыйым салынды. Жеңіс күні де мұнда ардагерлерге сыйлық жасалғанымен, ән мен би болмайды.