Хоккейден ел құрамасы әлем чемпионатына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккейден ел құрамасы әлем чемпионатына қатысуда

Хоккейден ел құрамасы әлем чемпионатына қатысуда

Бүгін Беларусь астанасы Минскте шайбалы хоккейден әлем чемпионаты жалауын көтерді. 9-25-ші мамыр аралығында дүние жүзінің үздік 16 құрамасы өзара мықтыны анықтамақ. Олардың арасында біздің елдің хоккейшілері де бар.

  • 10 Мамыр 2014
  • 227
Фото - Caravan.kz

Ари-Пекка Селин бастаған құрамамызға элиталық топта қалу жүктелген. Біздің жігіттер чемпионаттағы алғашқы матчын ертең Астана уақытымен 15:45 те  Германияға қарсы өткізеді. Ал бүгінгі жарыс күнінде 4 кездесу жоспарланған. Онда Канада- Франция,  Беларусь -АҚШ-пен, Словакия Чехиямен және Ресей мен Швейцария чемпионаттың алғашқы ұпайларын сарапқа салмақ.     

 

Футболдан Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лев әлем чемпионатына баратын кеңейтілген құрамды жариялады. Қашанда жастарға иек артатын германиялық маман бұл жолы да бас командаға тинейджерлерді шақыртыпты.

Әзірге 30 футболшы құрамамен бірге жаттығуда. Алайда Йоахим Лев төрт күннен кейін Польшамен өтетін жолдастық кездесуден соң бұл тізім 25-ке дейін азаятынын жеткізді. Ал футболшылар құрамына келер болсақ, ардагер шабуылшы Марио Гомес құрамадан тыс қалды. Оның орнына жаттықтырушылар кеңесі “Хоффенхаймда” өнер көрсететін Кевин Фолланды лайық деп шешіпті. Сондай-ақ “Шалькенің” қос жартылай қорғаушысы Леон Горецка мен Макс Майер, дортмундтық “Боруссия” қорғаушысы Эрик Дурм құрамаға шақырту алды. Естеріңізге сала кетсек, Германия құрамасы G-тобында Португалия, Гана және АҚШ-қа қарсы ойнайды.

 


Ұлттық баскетбол қауымдастығында плей-оффтың 1/4 кезеңі жалғасуда. “Бруклинді” қабылдаған “Майами” қатарынан екінші рет жеңіске жетті.

Өз жанкүйерлерінің қызу қолдауымен жігерленген жергілікті шеберлер қонақтарға еш мүмкіндік бермеді. Алғашқы кезеңді сәтті бастаған “Бруклин” қалған қалған уақытта басымдықты ұстап қала алмады. Қортынды есеп 94:82 “Майамидың” пайдасында. Жеңімпаз команда сапында Лейброн Джеймс ерекше көзге түсті. Ол бұл кездесуде 22 ұпай еншілеген. Сондай-ақ Крис Бош 18, Дуэйн Уэйд 14 ұпай еншілеп өз командасына жеңіс сыйлады. Төрт жеңіске дейін жалғасатын серияда әзірге “Майами” 2:0 есебімен алда тұр.