Семейде соғыс ардагерінің хаты жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде  соғыс ардагерінің хаты  жарияланды

Семейде соғыс ардагерінің хаты жарияланды

Семейдегі мұрағатқа құнды деректер табыс етілді. Негізінен Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тауып, батыр атанған Айткеш Ибраевтың өз қолымен жазған хаттары.

  • 10 Мамыр 2014
  • 250
Фото - Caravan.kz

Семей өңірінен майдан шебіне 18 жасында аттанған каһарманның өмірінен сыр шертетін құжаттарды оның жерлесі әкелген. Құнды деректердің арасында хаттардан бөлек, 7-ші сыныпқа дейінгі оқу дәптерлері мен күнделіктері де бар. Кілең беске оқыған батыр әсіресе геометрия пәнін жақсы көрген екен. Ал қолжазбаларында ол туған өлкесі мен туыстарын қатты сағынғанын жазған. Сүйіктісіне сезімін білдірген жазбалары да мұрағат төрінен орын алды. Ұқыпты түрде жазылған хаттарында жауынгер қанша фашисті өлтіргенін де атап өтіпті. Жас батыр әртүрлі шайқаста 190-нан астам жаудың көзін жойған. Жас та болса, пулеметшілер жасағына бас болған. 


Лаура Қадырова, Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының бөлім меңгерушісі:

-Шілде айында жазған хаттарында «Міне, мені тосыңдар, мен үйге қайтам»,- дейді. Бірақ сол хаттан кейін 4 күннен кейін ол кісі қазаға ұшыраған екен. Сонда ең соңғы хаты сол болып табылады