Атыс-шабыс әсіресе Мариуполь қаласында қарқын алды. Мұнда жергілікті БАҚ құралдарының хабарлауынша, 2 адам қаза болып, 8-і ауыр жараланған. Десе де, Украина әскерилері шығыстағы бірнеше қаланың бүлікшілер қолында болған әкімшілік ғимараттарын кері қайтарып алыпты. Луганск облысында шекарашылардың бекетіне шабыл жасалған. Бірақ әскерилерден тегеурінді қарсылық көріп, кейін шегінуге мәжбүр болған. Қазір «Изварино» шекара бекеті уақытша жабық. Ал Киевте Жеңіс мерекесі ауқымды шаралармен атап өтілмесе де, ардагерлерге азды-көпті құрмет көрсетілді. Әскери шеруді қайта Қырым аймағы ұйымдастырды. Мұнда бірінші рет сарбаздар алаңға Ресей туын көтеріп шыққан.