Ыстамбұлда жерасты мешіті салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстамбұлда жерасты мешіті салынды

Ыстамбұлда жерасты мешіті салынды

Түркиядағы Ыстамбұл қаласында алғашқы жерасты мешіті пайда болды. Оның сәулетші Эмре Аролат жобалады.

  • 10 Мамыр 2014
  • 505
Фото - Caravan.kz

Бююкчекмедже қала маңындағы кентіндегі мешітті байқау оңай емес, оның жер үстінен мұнарасы ғана көрініп тұр. Ол қырат басында орналасқан, одан төмен қарай баспалдақтар бар, деп хабарлады Euromag.ru.

Мешіт аумағында зәйтүн ағашы өсіп тұр. Оның ішкі кеңістігі де қарапайым, онда мозаикалар немесе әдемі тақтатастар, түрлі-түсті кілемдер жоқ.

Әйелдер ғимараттың бөлек залында құлшылық ете алады. Сәулетшінің айтуынша Санчаклар мешітін жасауға  Мұхаммед пайғамбардың алғаш рет Алладан медет алған үңгірі шабыт берген.