Бішкекте Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлеріне құрмет көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Бішкекте Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Қырғызстандағы Қазақстан Елшілігі Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай мерекелік қабылдау өткізді.

  • 10 Мамыр 2014
  • 347
Фото - Caravan.kz

Іс-шараға соғыс және тыл ардагерлері — Қазақстан азаматтары мен Қырғызстандағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

«Біз барлық соғыс және тыл ардагерлеріне, өз өмірлеріне қатерге тіге отырып, фашистерге қарсы соғысқандардың барлығына  алғысымызды білдіреміз. Біз осы Жеңіс үшін өмірлерін қиғандарды әр кезде есте сақтайтын боламыз. Батырлардың даңқы мәңгі арта берсін», — деді шара барасында Қазақстан Елшілігінің кеңесші елшісі Ербол Ахметов.

Осыдан кейін ардагерлерге әскери патриоттық әндер шырқалған арнайы мерекелік концерт өткізілді. Бағалы сыйлықтар беріліп, солдат ботқасынан дәм таттырылды. Қабылдаудың ресми бөлігі аяқталған соң ардагерлер дәстүр бойынша Елшілік аумағында ағаш отырғызды.