Таразда тұрғын үй құрылысы арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда тұрғын үй құрылысы арзандады

Таразда тұрғын үй құрылысы арзандады

Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны өсіп келеді. Облыс әкімдігі статистика департаментінен хабарлағандай, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 40,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

  • 11 Мамыр 2014
  • 298
Фото - Caravan.kz

Бүгіндері бұл өңірдегі тұрғын үйдің бір шаршы метрін салу орташа есеппен 36,7 мың теңгеге тең. Салыстыру үшін атап өтейік, 2013 жылы ол 43,8 мың теңгені құраған болатын.

2014 жылдың бірінші тоқсанында тұрғын үй құрылысына 105 млрд. теңге инвестиция салынды. Бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға жоғары.

Статистика департаменті 2013 жылы 1804  жаңа ғимарат салынғанын еске салады. Оның ішінде 1620-сы тұрғын үй болса, 184-і тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар.