Антрактидада пингвин тұмауының жаңа түрі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Антрактидада пингвин тұмауының жаңа түрі табылды

Антрактидада пингвин тұмауының жаңа түрі табылды

Антрактидада пингвин тұмауының жаңа түрін тапты, деп мәлімдеді австралиялық Мельбурнде орналасқан ДДҰ тұмаутану халықаралық орталығының зерттеушілері. Бұл туралы gazeta.ru жазады.

  • 11 Мамыр 2014
  • 275
Фото - Caravan.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары берген соңғы деректерге сәйкес,  Антрактидада құс тұмауының   H11N2 жаңа негізі пайда болған.

Зерттеушілер оны 301 құстың кеңірдегінен шырыш үлгілерін алған кезде тапқан. Бұдан басқа, олар Антрактидада мекен ететін 270 пингвиннен қан алып, тексерген.

Ғалымдардың айтуынша, тұмаудың жаңа негізінің адамдарға еш қаупі жоқ. Алайда, бұл тұмаудың табиғат жағдайы қатаң шеткері аймақта пайда болғанын ескерсек, онда адамдарға қауіп төндіретін вирустардың пайда болуы мүмкін екендігін көрсетеді.