Атап өтейік, әлемге танымал пианист Қазақстан астанасына Екінші халықаралық классикалық музыка фестивалі мен жас пианистердің 10-16 мамыр аралығында өтіп жатқан «Astana Piano Passion» конкурсы аясында келген болатын.
Астанадағы концертте маэстро П.И.Чайковскийдің «Жыл мезгілдері», М.Мусоргскийдң «Көрмедегі картиналар» шығармаларын орындайды. П.И.Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» жазылған жеке альбомы үшін пианист 2006 жылғы «Рекорд» сыйлығының лауреаты атанды. М.Мусоргскийдің «Көрмедегі картиналар» пьсеасалары циклін тамаша орындауы Денис Мацуевті көрермендер сүйіктісіне айналдырды», — делінген afishaday.kz сайтының хабарламасында. Д.Мацуевтің концерті Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында өтеді. Басталуы — 19:00-де. Кіру билетпен.