Қызылорда облысындағы жол апатынан құрбан болғандар саны 11 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысындағы жол апатынан құрбан болғандар саны 11 адамға жетті

Қызылорда облысындағы жол апатынан құрбан болғандар саны 11 адамға жетті

Қызылорда облысының ауруханасында 7-мамырдағы жол апаты кезінде зардап шеккен тағы бір әйел көз жұмды.

  • 12 Мамыр 2014
  • 351
Фото - Caravan.kz

Сонымен аталған жол апатынан құрбан болғандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

Оның айтуынша, медицина орталығында жатқан сегіз жарақаттанушының жағдайы қанағаттандырарлық дәрежеде.

«Олар түрлі деңгейде жарақат алған. Дәрігерлер оларды оңалтты, ешкімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — деп атап өтті Н.Тұрсынбаева.

Бұған дейін хабарланғандай, өткен сәрсенбіде Шиелі ауданында микроавтобус пен джип көлігі соқтығысқан болатын. Он адам сол жерде жан тапсырып, тоғызы ауруханаға жеткізілді.