Бұл туралы 2026 жылғы 1 шілдеде ҚР Энергетика министрлігі көршілес мемлекетке автомобиль отынын жеткізу мүмкіндігі туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме бере отырып хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Құзырлы ведомство түсіндіріп өткендей, «Ресей Федерациясы үкіметінен автомобиль отынын сатып алу жөнінде ресми өтініш түскен жағдайда, Қазақстан өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде жанар-жағармай материалдарын жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын».
Бұл ретте Энергетика министрлігі мұндай уағдаластықтарға негізінен қол жеткізуге болатын жағдайларды нақты айқындай кетті.
«Мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы халықаралық келісімдер мен коммерциялық шарттарды жасасу тек жеткілікті бос ресурстық әлеует болған жағдайда ғана мүмкін. Қазақстанның ішкі нарығын толық әрі үздіксіз қамтамасыз ету – сөзсіз басымдық болып қала береді. Экспорттық жеткізілімдер азаматтар мен ел экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауіп төнбеген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін», — дейді ведомстводан.