Тиісті ұсыныстар, оның ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық өкілдігінің ұсыныстары бүгін Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевтің басшылығымен өткен жұмыс кеңесінде айтылды.
Қарағанды облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының директоры Мәдениет Божбанов Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы шағын жіне орта бизнес субъектілеріне сервистік қолдау көрсетуді қамтамасыз етуді ұсынды.
«Сервистік қызмет көрсету аймақта шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер қатарын арттыруға және қазіргі кәсіпорындарды жаңғыртып, кеңейтуге мүмкіндік береді», — дейді М.Божбанов.
М.Божбанов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Қазагро» холдигі және өзге институттардың, сондай-ақ шетелдік капиталдың міндетті қатысуымен start-up жобаларға қолдау көрсету бағдарламасын жүзеге асыруды ұсынды.
«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары есебінен шетелдік инвестиция тартып, экспорттық-сервистік қолдау көрсету және экспорттық қаржыландыру арқылы дайын өнімді экспортқа шығарған жөн», дейді ол.
Облыс әкімі Б.Әбдішев Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап көрсетті, сондай-ақ тиісті құзырлы мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстарды қарастырып, тұжырым беру жөнінде тапсырма берді.