Қазақстан адыгейлік "чечил" ірімшігін сатуға шектеу енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан адыгейлік "чечил" ірімшігін сатуға шектеу енгізді

Қазақстан адыгейлік "чечил" ірімшігін сатуға шектеу енгізді

Қазақстанның тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі агенттігі Адыгейде шығарылатын «Чечил» (өрім) ірімшігін сатуға шектеу енгізді, деп ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 12 Мамыр 2014
  • 507
Фото - Caravan.kz

Бұл ірімшік Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейді.

«Бүгінгі таңда республиканың тұтыну нарығында көбінесе орамасында қайдан шыққаны белгісіз, өнім қауіпсіздігі мен сақталуына кепілдік берілмеген, өнім атауы таңбаланбаған, өнім өндірушінің немесе импорттаушының мекенжайы белгісіз «Чечил» ірімшігі сатылады.

Мұнымен қоса, тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі Перуде өндірілген жүзімді әкелуге және сатуға шектеу енгізді. Оның құрамынан метомил пестицидінің шамадан тыс мөлшері анықталған.

Перуден әкелінген жүзім Ресей, Молдова, Румыния, Ұлыбритания, Бельгия және Германияға жеткізілген.


Еліміздің аумағына осы аталған өнімдерді әкелу және сату ықтималдығы жоғары екенін ескере отырып, агенттік аумақтық бөлімшелерге аймақтардағы жеміс-жидек пен көкөніс жеткізушілерді хабардар етуді, сондай-ақ тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.