Трансляция құқығына «Қазақстан» «Kazsport» және «Еуразия» арналары ие. Биыл алғаш рет спорт комментаторлары Бразилияға барады. Сөйтіп ойынды сол стадионның ішінде отырып жүргізбек. Комментаторлар футболды іш пыстыратындай емес, қызықты етуге барын салатындарын айтуда. Әр матчқа тәжірбиелі мамандардың қатысуымен сараптама жасалып отырмақ. Көрермендеріне футбол меркесін сыйлағалы отырған үш бірдей республикалық арна көрсетілімге әзірлікті бастап кетті.
Нұржан Мұхамеджанова, «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрайымы:
-Негізі әлемдік спорт жарыстары өте қымбат тұрады. Оңай дүние емес. Соңғы кездері спорттық іс шараларды транциялау мәселесінде авторлық сақтау мәселесінде үлкен бір делдалдар ортада жүреді. Солардың құлағына тимесі үшін шыны керек қаражат мәселесін құпияда сақтауды жөн көреміз.