Павлодарда шенеунік параны дәл әкімдіктің ішінде алған - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда шенеунік параны дәл әкімдіктің ішінде алған

Павлодарда шенеунік параны дәл әкімдіктің ішінде алған

Павлодарда 20 мың долларға пәтер үлестіруге уәде еткен әкімдік қызметкері қолға түсті. Делдалды жұмысында күтіп алған 31 жастағы бас маман қаржы полицейлері қыспаққа алғанда азарда-безер болды.

  • 13 Мамыр 2014
  • 205
Фото - Caravan.kz


Амалы құрыған әйел аталған сомаға мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз баспана әпермек болыпты. Қолын былғағысы келмей параны танысы арқылы алдыртқан. Оңай табыла кеткен мына делдал әкімдіктің дәлізінде бір бума ақшамен қолға түсті. 28 жастағы жігіт басында сыр бермегенімен, тінту барысында қойнындағы ақшасын түсіріп алды. Енді алаяқтыққа барған әкімдік қызметкері 5 жылға, пара тасыған жұмыссыз азамат 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.