Көкшетауда студенттер коллеждің жабылуына қарсылық білдіріп шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда студенттер коллеждің жабылуына қарсылық білдіріп шу шығарды

Көкшетауда студенттер коллеждің жабылуына қарсылық білдіріп шу шығарды

Көкшетауда студенттер колледждің жабылуына қарсы шықты. Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеттің жанындағы оқу орны осымен 3-ші рет жабылғалы жатыр екен. Өткен жылдары да шу шығып, оқушылар мен ата-аналардың талабынан кейін орта білім беретін мекеме қайта ашылған болатын. Оқу орнының тарауына бәрінен бұрын жоғарғы курс студенттері қарсы. Бітіруге 10 айдай ғана уақыт қалғанда басқа жерге ауысуға олар құлықсыз.

  • 13 Мамыр 2014
  • 263
Фото - Caravan.kz

Егер бұл оқу орны жабылса, студенттерге ректордың әйелі мен баласы басқаратын жеке меншік колледждерге барудан басқа амал жоқ. Өйткені, Көкшетауда сурет, туризм сынды мамандықтарды сонда ғана оқытады. Алайда, мемлекеттік колледжді әдейі таңдаған ата-аналар бұған мүлде қарсы. Бүгін олар оқу орны басшыларын жағадан алуға дейін барды.

-Мал , ит емес қой итере салатын. Адамгершілік деген болу керек қой мырза, ұят емес пе, бітіргізіңіздер.

Шу дәл осы оқу орнында үшінші жылдан бері жалғасып келеді. Былтыр да ата-аналар айқайға басқанда университет ректоры Сағынтай Елубаев колледжді жаппаймын деп ант-су ішкен.

-Жабылады дедіңіз.

-Жоқ. Астафыр-алла, міне, мен қазақпын ғой құран атсын, нан атсын мен ондай айтқам жоқ.

 

Бірақ ректор уәдесінен тағы тайған сыңайлы. Биыл да елді дүрліктіріп отыр. Енді студенттер бірігіп колледж бен соған қарайтын университет басшылығын сотқа бермек.

Екатерина Бегаева, колледж студенті:

-Былтыр оқу жылына 3 күн қалғанда бізге колледж жабылады деп үйімізден шақыртты. Онымен қоймай өз еркімізбен оқудан кетеміз деп өтініш жаздыртты. Екі күннен кейін жоқ, колледжді жаппаймыз, қайта келіңдер деді. Солай істеуге бола ма! Мазақ қой мынау.

Уәдесін орындамаған университет ректорының өзі Астанаға іс-сапармен кетіпті. Ал орынбасарлары студенттер мен ата-аналарға колледждің жабылу себебін ашып түсіндіре алған жоқ.


Абай Ысқақов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры:

-Министрліктің қағазына бағынамыз ғой. Оны білмедім мен, ондай сұрақ қабылдамаймын.

Проректор айтып отырған министрліктің нұсқауында, колледжді өз бетінше күн көре алатын жеке құрылым етіп қайта құрған жөн деген кеңес беріліпті. Ал оны біржақты түсінсе керек, университет басшылығы сол шығынды колледжден бұратала жауып құтылмақ болған. Бірақ жылына84 мың теңге төлеп келген студенттер қалайда колледжді жаптырмауға бекініп отыр. Сондықтан оқуын аяқтап, дипломдарын қолдарына алмай ешқайсысы қозғалмақ емес.