Өскеменде қоғамдық көлік қасақана тоқтап қалып мыңдаған адам жұмысынан кешікті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде қоғамдық көлік  қасақана тоқтап қалып  мыңдаған адам жұмысынан кешікті

Өскеменде қоғамдық көлік қасақана тоқтап қалып мыңдаған адам жұмысынан кешікті

Өскеменде бүгін қоғамдық көліктер тоқтап қалды. Қаладағы жолаушылар тасымалымен айналысатын үш ірі компания автобустарды жолға шығармады. Талап жол ақысын көтеру. Автобус иелері айналдырған бір айдың ішінде осымен екінші рет жол ақысын көтереміз деп шу шығарып отыр. Ал екі ортада сарылып, сағаттап тұрғындар аялдамаларда қалды.

  • 13 Мамыр 2014
  • 271
Фото - Caravan.kz

Таңертеңнен қала тұрғындары діттеген жеріне жете алмай жүр. Аялдамаларды жұрт автобусты сағаттап күтуде. Оқушылар сабағынан, қызметтегілері жұмысынан кешігіп әбігерге түсті. Күнделікті қала ішінде қатынайтын 300-ден астам автобустың бүгін жүзі ғана жолға шыққан.

Мен 3 аялдама болды міне жаяу келе жатырмын. Себебі автобустар жоқ. Баратын жерлеріме кешігіп бара жатырмын.

— Үйге жету керек, тұрмын аялдамада, тосып тұрмын автобусты.

Тасымалдаушылар өз дегенін дұрыс деп өзара келісе алмай жатқанда қала ішінде мынандай қарбалас. Жергілікті билік қазір тұрғындарға уақытша трамваймен қатынауға кеңес берді. Әдетте, ел аз отыратын травмвай бүгін ауызы-мұрынан шығып, жанталасқан жұртты сыйдыра алмай жатыр.    


 Мақсұт Исахов, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

Бізде жолаушылардың 37-40 пайызын трамвай тасымалдайды. Трамвай басшылығымен сөйлестік. Олар трамвайлардың санын көбейтеміз деді. Жолаушылар тасымалдаушылар басшылығымен әкім сөйлесіп жатыр қазір. Мен ойлаймын ертең таңға шейін мәселені шешеміз деп.

Қоғамдық көлік иелері бас-аяғы бір айдың ішінде осымен екінші рет жол ақысын көтеру жөнінде талап қойып отыр. Әуелде жергілікті атқамінерлер оны өсіруге жол бермеген. Қазір Өскемендегі қоғамдық көлікте билеттің бағасы 60 теңге. Тасымалдаушылар оны 75 теңгеге дейін көтеруді көздеп отыр.